Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қазақстандық оқушылар аннексияланған Қырымдағы лагерьге жіберілді

KAZAKBOL.COM

10 қазақстандық оқушы Ресей аннексиялап алған Қырымдағы «Артек» лагеріне жіберілген. Сапарды Астанадағы Орыс үйі – «Россотрудничество» ұйымдастырған.

Астанадағы Орыс үйінің Facebook парақшасында «Тірі классика» атты мәнерлеп оқу бойынша байқауының жеңімпаздары «Артек» лагеріне 24 күнге жіберілгені жайлы пост жарияланған. Жазбада жеті бала мен бір әйелдің әуежайдан түсірілген суреті да бар. Суреттің қайда және қашан түсірілгені белгісіз.

Ал әлеуметтік желіде Ресей басып алған Украинаның аралына қазақстандық балаларды жібергеніне наразы жазбалар жарияланды. Кейбір қолданушылар кейінгі апталарда Қырымда мұнай базалары мен әскери нысандарда жарылыс жиілігенін алға тартып, сапардың қауіпті болуы мүмкін екенін айтты. Кейбір сарапшылар Қырымдағы жарылыстың жиілегенін украин әскерінің өз жерін қайтару мақсатында қарымта шабуылға дайындығымен байланыстырған. Қолданушылар сонымен бірге Қазақстанның білім беру органдарын да сынап, 2014 жылы аннексияланған Қырымды ресми Астана Ресейдің бір бөлігі деп танымайтынын да еске салды.

Оқу-ағарту министрлігі қазақстандық қолданушылардың пікірлеріне жауап бермеді.

«Тірі классика» қорының ресейлік «Вконтакте» желісіндегі парақшасындағы мәлімет бойынша, Қырымға қазір Ресейдің одақтасы саналатын өзге бірнеше мемлекеттен балалар бара жатқаны айтылады. 2 мамыр күнгі жазбада Қырымға Мексика, Марокко, Тәжікстан, Моңғолиядан оқушылар келгені жазылған. Тағы бір жазбада Ресейдің түрлі аймағынан да балалар келгені айтылады.

Орыс үйі – «Россотрудничество» ұйымының бейресми атауы. Аталған ұйымды ТМД істері жөніндегі Ресей федералдық агенттігі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырады. Бұл агенттікті сарапшылар шетелде орыс тілі мен орыс білімін дамытуға күш салып жүрген Ресейдің «жұмсақ күш» құралы деп атайды.

Қазақстанда Орыс үйі түрлі «патриоттық» акциялар ұйымдастырады, Ресейдің пропагандалық фильмдерін көрсетеді. Қазақстанда кейбір азаматтар мұндай акцияларға наразы болып, «Россотрудничество» ұйымымен әріптестікті тоқтатуды талап еткен.

Қазақстан билігі Ресейдің Украинаға басып кіруін ашық айыптаған жоқ, қолдаған да жоқ. Астана орыс әскері басып алған Украинаның Донецк, Луганск, Херсон, Запорожье облыстарын Ресейдің бір бөлігі деп танымайды.

«Артек» —Қырымның оңтүстік жағалауындағы лагерь, совет заманында балалар демалатын танымал орын саналған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM