Қырғызстан жақында Қамбарата су электр станциясының құрылысын бастайды. 24 наурызда өткен үкімет жиналысында министрлер кеңсесінің төрағасы Ақылбек Жапаров осылай деп мәлімдеді.
Ол құрылыстың нақты қашан басталатынын айтпады, бірақ Қамбарата су электр станциясы 3-5 жылда қосылады деп жоспарланған.
«Қаражат бар. Қаржы министрлігі құрылыстың алғашқы кезеңіне 498 млн доллар аударады, биыл бюджеттен құрылысқа дайындыққа 20 млн доллар қарастырылған, жақында құрылыс басталады», — деді Жапаров.
Биыл қаңтар айында энергетика министрі Досқұл Бекмұрзаев Қамбарата су электр станциясы инфрақұрылымының құрылысы сәуір-мамыр айларында басталатынын хабарлаған.
2021 жылғы наурызда Қырғызстан мен Өзбекстан Нарыз өзенінің бойында Қамбарата су электр станциясын бірге салуға келіскен. Сол кезде Садыр Жапаров пен Шавкат Мирзияев Ташкентте кездескен.
KAZAKBOL.COM