Қырғызстан ІІМ Ішкі әскерінде жемқорлық жасау жолы әшкереленді, деп хабарлады 14 желтоқсанда Бас прокуратура.
Құзырлы органның мәліметінше, тексеру барысында жеке құрамның азық-түлігі мен заттарына бөлінген бюджет қаражаты бөгде фирмалардың есебіне заңсыз аударылып отырған.
Ақша лауазымды қызметтегілердің қалтасына түскен. Бас прокуратура 33 млн 946 мың сом (390 мың доллар) желінгенін анықтады.
Әскери прокуратура бірнеше бап негізінде қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр.
KAZAKBOL.COM