Қырғыз президенті Садыр Жапаров 21 наурызда халықты Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мейрамымен құттықтап, Тәжікстанмен шекараны бекіту мәселесін соңына дейін жеткізетінін мәлімдеді.
Президент сөзінде әлемдегі апаттар мен соғыс жағдайында қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтау маңызды екенін атап өтті.
«Біз әлемде болып жатқан оқиғалар жағдайында ынтымағымызды сақтап, көп ұлтты елімізде тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің қаншалықты маңызды екенін сезінуіміз керек», — деді президент.
Садыр Жапаров былтыр жыл соңында Баткендегі сапар кезінде мамыр айына дейін Тәжікстанмен шекараны бекіту процесі аяқталып қалғанын жеткізген.
KAZAKBOL.COM