Қазір Қырғызстан Ұлттық банкі қарауында 46,7 тонна алтын бар. Ұлттық банктің ресми өкілі Аида Қарабаева 28 ақпандағы баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.
Қарабаеваның айтуынша, бұл алтын 2021 жылы Қырғызстанда өндірілген, оны Ұлттық банк сатып алған.
Ұлттық банктің халықаралық алтын қорындағы 16 тонна алтыны 87,3 млрд сом тұрады. Бұған қоса қордағы алтын 138,5 млрд сомға тең.
Бұның алдында үкімет басшысы Ақылбек Жапаров «Кабар» мемлекеттік ақпарат агенттігіне «Құмтөр» алтын кеніші Қырғызстанға өткен екі жылда 45 тонна алтын мен 8 тонна күміс өндірілгенін, олар Ұлттық банкте сақталатынын хабарлаған.
KAZAKBOL.COM