Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Баткен облысындағы стратегиялық мәнге ие баламалы Мыңбұлақ-Чорго-Ақсай айналма жолының құрылысын барып көрді. Мемлекет басшысының ол жерге 28 мамырда барғаны ресми хабарланды.
Жол Баткен облысының Ақсай ауылына дейін Тәжікстан аумағын айналып өту мақсатында салынып жатыр. Ұзындығы 48 шақырым жолдың 7 шақырымында құрылыс басталып кеткен.
Садыр Жапаров Баткен облысына екікүндік сапармен 27 мамырда барған. Ол қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы жанжалда зардап шеккендермен кездесті.
Қырғыз-тәжік шекарасындағы соңғы жанжалда 36 қырғызстандық қаза болып, 180-нен астам адам жараланды. Тәжік тарабы 19 адам өліп, 87-сі жарақат алғанын хабарлаған.
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы елді-мекендерде су, жер, жолға қатысты жиі жанжал шығып тұрады.
KAZAKBOL.COM