Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі азаматтарына Тәжікстанға бармай қоя тұруға шақырды.
«Қырғызстан елшілігінің мәліметінше, Душанбеге келген қырғыз азаматтарын кедендік бақылау бекетінде еліне кіргізуге тыйым салып жатыр. Қырғызстандықтар қосымша ақша шығындалып, кері қайтуға мәжбүр боп жатыр», — деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.
2021 жылдың мамыр айында Қырғызстан билігі еліне Тәжікстан азаматтарының кіруіне тыйым салған. Былтыр 28-30 сәуірде Қырғызстан және Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс болып, 154 адам зардап шегіп, 36-сы қайтыс болған. Тәжікстан биліні 19 адамның қайтыс болғанын, 87 адам жараналғанын мәлімдеді.
KAZAKBOL.COM