2021 жылдың 11 айында Қырғызстан бюджетіне «Құмтөр Голд Компаниден» 6 млрд 998 млн сом табыс түсті.
Қырғызстан қаржы министрлігі депутат Осмон Турдумамбетов сауалына осылай деп жауап берді.
Биыл мамырда Қырғызстан билігі «Құмтөр Голд Компаниге» өзінің басқарушысын тағайындады, содан кейін компания тоқсан сайынғы есебін жариялауды тоқтатты. Үкімет мәліметтердің құпия сақталуын сотпен түсіндірді.
«Халықты оы мәселе қатты алаңдатады. Алтынды өзіміз өндіріп жатырмыз дейміз. Қанша алтын өндірілді, қанша салық төленді, қанша алтын сатылды, кімдерге сатылды, сатылмаған алтынды қайда ұстаймыз?» — деп сұрады депутат.
Қаржы министрі Алмаз Бәкетаев Құмтөр салықты уақытылы төлейтінін айтты, бірақ қанша салық төленгенін атамады. Министр сатылған алтын көлемі туралы мәліметі жоғын, бұл мәселені «Қырғызалтын» білетінін айтты. Алайда депутат сауалдарына жазбаша түрде жауап беруге уәде берді.
Құмтөр — Қырғызстандағы ең ірі алтын кені, мұнда жылына 15-17 тонна алтын өндіріледі.
KAZAKBOL.COM