31 қаңтарда қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тұрақты.
Осылай деп Қырғызстанның ішкі істер министрлігі хабарлады. Соңғы мәлімет бойынша, қырғыз және тәжік шекарашылары күні-түні аймақты күзетіп тұр.
29 қаңтарда Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында екі елдің арнайы қызмет басшылары келіссөз өткізіп, жуырда шекарада болған қақтығысты талқылаған.
Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев пен Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Саймумин Ятимов шекараға делимитация мен демаркация жүргізу бойынша олар жетекшілік ететін үкіметаралық комиссияның жұмысы жалғасатынын жеткізген.
27 қаңтарда қырғыз-тәжік шекарасында кезекті рет жанжал шығып, оқ атылды. Нәтижесінде қырғыз тарабынан 13 адам жарақат алған, тәжік тарабынан екі адам қайтыс болып, оны зардап шеккен.
KAZAKBOL.COM