Ресей Қырғызстанға BSL-3 деңгейлі Биологиялық зертхана салу жөнінде ұсыныс білдірді. Бірақ әзірге қырғыз билігі бұл жобаны жүзеге асырудан бас тартып отыр.
Бұл жөнінде Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Мекеме ақпаратына сәйкес, бұл мәселе 14 сәуірде Мәскеуде өткен екі елдің үкіметаралық отырысында талқыланған.
Екі елдің денсаулық сақтау министрлігі медицина мен ғылым саласын дамытуда әріптестік орнатуға келіскен.
2008 жылы Қырғызстанда қауіпсіздіктің үшінші сатысындағы биозертхана құру жөнінде сөз болған. Тіптен Канада үкіметімен екіжақты келіссөзге келген. Бішкектің Ботаникалық бағынан зертхананың салыну орны да белгіленген.
Бірақ қоғам тарапынан наразылық туындап, сол күйі бұл жоба жүзеге аспай қалған.
Негізі қауіпсіздіктің төрт деңгейі бар. BSL-3 деңгейлі дегеніміз, II топтағы дертті туындатушыларды зерттейтін зертхана.
KAZAKBOL.COM