Қырғызстан 12 ақпанда Түркияға қосымша құтқарушылар жібереді деп мәлімдеді президенттің және үкіметтің Жогорку Кеңештегі өкілі Алмасбек Абытов.
«Түркияға тек құтқарушылар аттестациясынан өткен азаматтарды ғана жібере аламыз. Қазір Түркияда төтенше жағдайлар министрлігінің 67 құтқарушысы жұмыс істеп жатыр. Осы жексенбіде тағы 100 құтқарушы жібереміз», — деді ол.
BBC ақпаратына сәйкес, Түркия мен Сирияда болған зілзаладан қаза тапқандар саны 16 мың адамнан асты. Қираған ғимараттар астына әлі зардап шеккендер көп.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамынша, жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 20 мыңнан асуы мүмкін.
6 ақпанда Түркия мен Сирияда жойқын жер сілкінісі болды.
KAZAKBOL.COM