Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, елде лицензия талаптарына сай емес 111 жекеменшік медицина мекемесі жабылады.
Министрлік құрған комиссия сәуір айында 370 жекеменшік медицина ұйымын тексеріп, солардың 111-і талапқа сай еместігін анықтады. Соның негізінде осы мекемелерді жабу жөнінде акт қабылданды.
Бұған қоса, 148 жекеменшік клиника мен емхана жұқпалы ауруларды бақылауда ұстау стандарттарына сай еместігі мәлім болды. Бұл мекемелерге қатысты шара қолданылады, делінген министрлік мәлімдемесінде.
Бұның алдында министрлік Қырғызстандағы медициналық жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық және клиникалық базасын тексерген. Министрлік солардың бірнешеуінің лицензиясын қайтарып алды.
Бұған қоса, денсаулық сақтау министрлігі 84 дәріхана рұқсат қағазынсыз жұмыс істегенін анықтады.
KAZAKBOL.COM