5 тамызда Бішкекте «Есімде» зерттеу алаңы Үркүнді еске алуға арналған акция бастады. Отызға жуық азамат 1916 жылғы қайғылы оқиғалар болған жерлерге барады. Марш 14 тамызға дейін созылады.
Ұйымдастырушылардың бірі Гүлзат Алагөздің Азаттықтың Қырғыз қызметіне айтуынша, акция мақсаты — мемлекеттің «еске алу саясаты» терминін қалай қолданып жүр деген сауалға жауап алу, Үркін, «Өмір көшіне» арналған шаралар қалай бағаланатынын білу, 1916 жылғы оқиғалар халық есінде ме — соған көз жеткізу.
Марш Бішкектегі «Оңтүстік қақпадан» басталып, Жеті-Оғыз ауданындағы Тосор ауылына бес шақырым жердегі Қырғын-Сай деп аталатын жерде аяқталады. Сол жерде 1916 жылғы оқиға құрбандарын еске алу жиыны өтеді. Тарихшылардың айтуынша, дәл осы жерде патшалық Ресей патшалығының жазалау әскері одан қашқан қырғыздарды қырып салған. Мәліметтерге қарағанда, Қырғын-Сайда 150-500 адам опат болған.
1916 жылы Орталық Азияда патша отаршылдығына қарсы көтерілістерде мыңдаған адам қаза тапты, қырғыздар Қытайдың Шыңжаң өлкесіне қашуға мәжбүр болды.
KAZAKBOL.COM