Қырғызстанда жанармай бағасы тағы 1,3-1,7 сомға қымбаттауы мүмкін. Оған себеп Ресей 1 қыркүйектен бастап Қырғызстанға баж салығын енгізіп отыр.
Бұл жаңалықтан кейін Бішкектегі қоғамдық көлік жүргізушілері жол бағасын көтеру қажет дейді.
«Қазір 3 мың тұратын май 5 мыңға сатылып жатыр. Қоғамдық көлікті жалға алып жұмыс істейтін таныстарым бар. Олар күніне 1200 сомға жалға алады, бірақ табысы 300 сом ғана»,- дейді Мелис Курманалиев атты жүргізуші.
Оның сөзінше, өзі жұмыс істеген 106-желідегі әріптестерінің дені жұмыстан кеткен, қазір 80 машруттық таксидің 35-і ғана қалды.
«Әрина ақша жетпейді! Амал жоқ, жұмыс істеу керек. Болмаса, Ресейге не Еуропаға барып жұмыс іздеу керек. Қазір кету жағын ойлап жатырмыз»,- дейді ол.
Қоғамдық көлік жүргізушілері бірнеше рет наразылық акциясына да шыққан. Бірақ билік сол күйі олардың проблемасын шеше алмаған.
KAZAKBOL.COM