Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қырғызстанда COVID-19 вирусынан қайтыс болған дәрігерлердің отбасына өтемақы әлі төленбеген (видео)

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанда коронавирустан қаза болған медициналық қызметкерлердің туыстарына және жұмыс кезінде COVID-19 жұқтырып алған дәрігерлерге алдын уәде берген үстемақы әлі төленбеген.

Бішкекте отбасылық медициналық орталықтардың бірінде жұмыс істеген 48 жастағы медбике Жыргалбүбү Оталиева былтыр коронавирустан өкпесінің 95% зақымданып қайтыс болған.

«Біз өтемақы алу мәселесімен қайда бармадық?! Депутаттарға, денсаулық сақтау министрлігіне дейін қайырылдық. Бірақ әлі уәде етілген өтемақыны ала алмай жүрміз», — дейді Оталиеваның ұлы Дайырбек Өмүралиев.

Марифат Садыкова да медбике. Ол былтыр COVID-19 вирусымен ауырып, 22 күн ауруханада жатып шыққан. Өтемақы әлі ала алмай жүр.

«Министрлік біз «қызыл аймақта» емес, отбасылық медицина орталығында істеп жатқанымызды айтады. Бірақ пандемия басталған алғашқы кезде вируспен ауырғандардың бәрі көмек сұрап бізге келді. Маған сол кезде коронавирус жұқты. Мен бұл жөнінде айтудан қорықпаймын. Мені жұмысымнан айырар, бірақ өмірімнен айыра алмайды. Олар өздері уәде берген. Дәрігерлер осы уақытқа дейін ештеңе талап етпей келдік», — дейді ол.

Наурыз айында Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пандемиясы басталғаннан бері COVID-19 жұқтырып алған бір жарым мың медбикеге 200 мың сомнан үстемақы төленгенін мәлімдеген. Бірақ ол кезде тағы қанша дәрігерлер жәрдемақы күтіп жатқаны айтылған емес.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM