Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қырғызстанда мұсылман әйелдер муфти сайлауына қатысқысы келеді (видео)

KAZAKBOL.COM

Қырғызстандағы мұсылман әйелдер мүфти сайлауына қатысуға тырысып жатыр. Діни басқарма басшысы Мұсылмандар құрылтайында сайланады, бірақ Үлемдер кеңесі құрылтайға әйелдерді қатыстырғысы келмейді.

Қырғызстан мұсылмандарының құрылтайы – бас мүфти сайланатын жоғарғы жиналыс. Құрылтайға әйелдер қатыстырылмайды. Кейде әйелдер залда отыру үшін ғана жіберіледі, бірақ олар құрылтайға делегат ретінде қатысқан емес.

Жақында Бішкекте Қырғызстан мұсылмандарының құрылтайы өтуі тиіс. Бірақ бұл жолы Үлемдер кеңесі жиналысқа әйелдерді қатыстырғысы келмейді. Дегенмен Бішкектің белсенді мұсылман әйелдері 25 жылдан бері Құрылтайға кіруге талпынып жүр.

«Әйелдер келіп тәртіп орнатады, олар ақшаның қайда кеткенін сұрайды деп қорқатын сияқты. Әйелдер халық үшін пайдалы жобалар неге қабылданбайды деп сұрауы да мүмкін ғой», — дейді «Мутакаллим» әйел мұсылмандар ұйымының басшысы Жамал Фронтбек-кызы.

Жамал – Қырғызстандағы ең ықпалды мұсылман әйелдердің бірі. «Бірақ сен әйел болсаң, дін мен ар тазалығы туралы білімің ескеріле бермейді», — дейді Жамал. Ер азаматтар мұсылмандар діни басқармасында әйелдердің болғанын қаламайды, дегенмен, Жамалдың пікірінше, исламда әйелдер ер азаматтардан аз еңбектенбейді.

Мұсылман әйелдер мүфтиятқа өтініш берген. Басқармадағылар құрылтайға әйел делегаттарды қатыстыру үшін квота бөлуін ұсынған.

«Биыл 25 ақпанда Мұсылмандар діни басқармасы Үлемдер кеңесіне арнайы хат жолдады. Онда әрбір сала бойынша әйелдерге екі мандаттан беру туралы ұсыныс айтылды. Алайда Үлемдер кеңесі біздің ұсыныстан бас тартты. Сол себепті мүфтият әйелдерді ең болмаса қонақ ретінде шақыруын сұрады. Құрылтай шешіміне әйелдер неге қатыспайды деген сұраққа Үлемдер кеңесі жауап беруі керек», – деді Мұсылмандар діни басқармасының баспасөз хатшысы Мақсат Атабаев.

Үлемдер кеңесінің баспасөз қызметі бұл сауалға жауап беруден бас тартты. Журналистер Үлемдер кеңесінің төрағасымен сөйлесе алмады. Мүфтияттағылар әйел мұсылмандарды діни басқармасы жұмысына қатыстыруға уәде берді. Ол үшін арнайы дәрістер ашылған. Дәріс алған шәкірттер мүфтияттың кейбір бөлімдерінде жұмыс істей алады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM