NEXT телеканалының директоры Таалай Дүйшембиев 48 сағатқа қамалды. Бұл туралы оның адвокаты Акмат Алагушев хабарлады. Адвокат Дүйшембиевке «араздықты қоздыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
— NEXT телеканалының директоры Таалай Дүйшембиев уақытша 48 сағатқа қамалды. 4 наурызда ол тергелмек, сосын арғы күні сот шешім қабылдайды. Эфирдің тоқтатылуы дұрыс емес. Бұл істің телеканалға еш қатысы жоқ, — деді Алагушев.
3 наурызда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) NEXT телеканалына «Ұлтаралық қастықты қоздырды» деген айыппен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.
Арнайы қызмет хабарлағандай, оған телеканалдың Қазақстанның Қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысының сөзіне сүйеніп, «Қырғызстан Ресейге әскери көмек көрсетеді» деген жалған хабарды әлеуметтік желілерде таратқаны себеп болған. Сараптама бұл мәліметте «араздықты қоздыру белгілері бар» деп тапқан.
NEXT телеканалының иесі Равшан Жээнбеков қылмыстық іс негізсіз қозғалғанын айтып, канал мәліметті сілтеме беріп таратқанын жеткізді.
Осыған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, шетелде тұратын Әлнұр Мұсаев «Тәжікстан мен Қырғызстан Мәскеудің қысымымен Ресейге әскери көмек жіберуге дайын» деп айтқан сөздері тараған.
Қырғызстанның қорғаныс министрлігі мұндай мәліметте теріске шығарған. Министрлік ресми бұлақтардан алынған мәліметке ғана сенуге шақырған.
KAZAKBOL.COM