Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қырғызстанда «паспорт мафиясы»: бір ғана ауданда 3,5 мың паспорт жоғалған

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанда Ош облысы Үзген ауданының халықты тіркеу департаментінде жойылуы тиіс 2 101 паспорт пен 1667 ID-карт жоғалған.

Бұл туралы республиканың цифрлік даму министрі Талант Иманов Facebook’тегі парағында хабарлады. Ол «паспорт мафиясымен» күрестің алдына ала нәтижесін жариялады.

Министрдің айтуынша, тексеруден соң аймақаралық бөлім маманы ұсталды, Араван ауданының бөлім меңгерушісі үйқамаққа түсті, департамент қызметкерлері мен бөлім жетекшілеріне сөгіс жарияланды.

«Президент осы мәселені бақылауға алды. Паспорт мафиясымен күрес қалай жүріп жатқанын үнемі хабарлап тұрамыз», — деді Иманов.

Биыл сәуір айында министр Халықты тіркеу департаментінде паспорт мафиясы бар деп мәлімдеген.

«Паспорт мафиясының тамыры тереңдеген. Ол елді миллиардтаған сом шығынға батырып отыр. Олар параны қорықпай алады, сөйтіп жемқорлықтың жайлауына жол ашады. Бұл салаға ревизия жүргізу керек. Жалған паспортқа қатысты жемқорлық ауқымы үлкен — мыңдаған жалған құжат беріліп жатыр. Бұл — ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп», — деп мәлімдеді министр.

Қырғызстанда жасалған жалған паспорттар шетелде терроризм және басқа да ауыр қылмыстарға қатысы бар жанжалдарда бірнеше мәрте көрініп қалды. 2017 жылы Қырғызстанның елуден астам азаматы Оңтүстік Кореяға бару үшін аты-жөнін өзгертіп, жалған құжат жасатқан. 2016 жылы Стамбулда ұсталған 98 қытай азаматынан Қырғызстанның заңсыз паспорттары табылған. 2018 жылы Испанияда Ресейдегі ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі Борис Матузный ұсталды. Ол Қырғызстан азаматының екі паспортын пайдаланған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM