Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Қырғызстанда студенттерді үгіт-насихат ісіне тартқаны үшін ЖОО ректоры қызметінен алынды

KAZAKBOL.COM

Қырғызстанда сайлауалды кампаниясы кезінде заң бұзғаны үшін бірқатар басшылар қызметінен алынып, енді кейбіріне ескерту жасалды.

Бұл жолы үкімет басшысы Ақылбек Жапаров Ош мемлекеттік университетінің ректоры Құдайберді Қожабековті, осы оқу орнының педагогика факультетінің деканы Бақытбек Мұратбаевты және үш оқытушыны қызметінен алды.

Бұдан бөлек білім және ғылым министрі Болотбек Купешев пен Ош әкімі Алмаз Мамбетовке сөгіс жариялады.

Сонымен бірге Лейлек ауданы әкімі мен Исфан қаласының әкімі уақытша қызметінен аластаған.

Өткен аптада Ош университетінің оқытушылары «Азаттық» партиясының орталық алаңда өткен кездесуіне студенттерді алып барған. Бұл дәйек бойынша құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп, үгіт-насихат жұмысына студенттерді тартқанын анықтаған.

Бұл оқиға қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Біразы университет ректорын қызметінен алып, тым қатаң жазалады деп есептейді. Тіптен Жогорку Кеңештің екі депутаты президентке өтініш жасап, ректорға қатысты істі қайта қарауын сұраған. Ошта оқытушыларды қолдау акциясы өтті.

Қырғызстанда парламент сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмысы 29 қазанда басталды. 10 қарашадағы мәлімет бойынша, Орталық сайлау комиссиясы заң бұзылды делінген 61 шағымды тіркеген.

Парламент сайлауы 28 қарашада өтеді.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM