27 тамызда имам Рашод Камалов Бішкек қалалық сотының шешімімен бостандыққа шығып, ертесіне Ош облысындағы Кара-Суу қаласындағы үйіне келді. Имамды бірнеше жүз жақтасы күтіп алды.
Имамның адвокаты Хусанбой Солиевтің айтуынша, Камаловтың жаза мерзімінің толық аяқталуына жеті ай қалды. Сот шешімімен қалған мерзімді ол үйінде өтейді.
43 жастағы этникалық өзбек Рашод кори Камалов Ош облысындағы «Ас-Сарахси» мешітінің имамы болған. Камалов 2015 жылғы ақпанда қамауға алынды. Сол жылғы қарашада Ош облысының соты оны «экстремистік ұйым құрды», «экстремистік материалдар таратты» деген айыптармен он жылға соттады.
Кейін апелляциялық сот Камаловтың жаза мерзімін қысқартты. Оның адвокатының айтуынша, жаза мерзімі 10 жылдан 8 жылға қысқарған.
Рашод Камалов алты жылдан астам уақыт түрмеде отырды.
Жаза мерзімінің аяқталуына жеті ай қалғанда адвокат Солиев имамды уақытынан бұрын босатып алды.
Еске салайық, Өзбекстанның тергеу органдары Қырғызстанға екі өзбек сотталушысының имамға қарсы куәлік бергенін хабарлаған. Олар Түркияда имам Камаловпен кездесіп, сол жерде ол мұсылмандарды Қырғызстанда билікті күшпен басып алуға үгіттеді деп айтқан.
Бірақ имам Камалов Өзбекстан жолдаған құжаттарды саяси тапсырып деп атады. Бұның алдында ол Кара-Суу қаласының құқық қорғау органдары бір киллерді ұстағанын, ол ресми Ташкенттің тапсырмасымен кісі өлтіруге келгенін мойындады деген. Қырғыз билігі бұған қатысты мәлімет бермеді.
Рашод Камаловтың әкесі Рафик Камалов 2007 жылы терактінің алдын алу жөніндегі арнайы операция барысында оққа ұшқан.
KAZAKBOL.COM