Қаракөл қаласындағы Ыстықкөл облыстық ауруханасының жетекшісі Мирбек Сағынбаев өз арызы бойынша қызметінен кетті. Бұл туралы президенттің аталған аймақтағы өкілінің орынбасары Айнұр Сұлтанбаева хабарлады.
Аталған ауруханаға қарайтын перзентханада жыл басынан бері екі апта ішінде алты сәби шетінеген.
Денсаулық сақтау министрлігі арнйы комиссия бұл жағдайды тексеріп жатқанын мәлімдеді. Аталған перзентхананың директоры да қызметінен уақытша шеттетілген.
Қаракөлдегі перзентханада жылына төрт мыңнан астам нәресте дүние есігін ашады.
KAZAKBOL.COM