Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

ҚЫТАЙ 10 КҮНДЕ АУРУХАНА САЛДЫ

KAZAKBOL.COM

Қытай үкіметі сөзінде тұрды. Небары 10 күнде коронавирусқа шалдыққан науқастарды қабылдайтын аурухана салып бітті. Құрылыс жұмыстары 23 қаңтар күні басталып, бүгінге дейін қызу қарқынмен жалғасты. Алайда дерттің беті қайтпай тұр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Бір жыл емес, бір ай емес, небары 10 күнде Қытайдың Ухань қаласында көз ілеспес жылдамдықпен уақытша аурухана тұрғызылды. Ол тек қана коронавирусқа шалдыққандарға арналған. Аумағы 25 мың шаршы метр аурухана бір мезетте 1000 науқасты қабылдауға қауқарлы. Ғимараттың іргетасы 23 қаңтар күні кешкісін қаланған болатын. Ал бүгін Қытай Қарулы күштерінің 1 400 медицина қызметкері Хуошэньшань атты су жаңа ауруханада науқастарды емдеуді бастады. Вирус жұқтырғандарға арналған 1500 орындық екінші аурухана 6 ақпан күні пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Соңғы ақпараттарға сүйенсек, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 17205 адамға жеткен. Ал қайтыс болғандар 361-ден асып жығылады. Сондай-ақ 483 адам індеттен құлан таза айығып шығыпты. Қазақстан ғана емес, әлем елдері де Қытайдан өз азаматтарын эвакуациялауда. Бүгін франциялықтардың екінші легі аспанасты елінен оралды.

АДРИАН ТАКЕ, ФРАНЦИЯНЫҢ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ СҰРАҚТАР БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:
«Эвакуацияланған әр азаматтық денсаулығы жіті бақылауда. Инфекция тарап кетпес үшін барлық шара жасалып жатыр. Алаңдауға негіз жоқ. Келгендердің барлығы 14 күндік карантинге оқшауланады».

Дегенмен, жер жерде медицина мамандары жүгенсіз кеткен індеттің бетін қайтаруға тырысып бағуда. Бұған дейін, гонконгтық ғалымдар жаңа вирустың таралуына тосқауыл болатын дәрі ойлап таптық деп сүйіншілеген еді. Ал бүгін Италиядағы жұқпалы аурулар ұлттық институтының мамандары коронавируске қарсы вакцина әзірлеудің тиімді тәсілдерін ұсынып отыр.

РОБЕРТО СПЕРАНЦА, ИТАЛИЯНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ
«Вирусты оқшаулау дегеніміз инфекцияның тарауын тежеудің тиімді әдістері, ал бұл өз кезегінде оны зерттеу мен түсіну үшін көбірек мүмкіндік береді. Біз инфакцияны таратуды сақтаудың тиімді тәсілдеріне тәжірибе жасай аламыз. Барлық ақпаратпен халықаралық ұйыммен бөлісеміз».

Ал, Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығының басқа елдерімен бірге «коронавирусты анықтауға мүмкіндік беретін жабдықтарды алды. Тест-жүйелер Ресейдің «Вектор» мемлекеттік вирусология және биотехнологиялар ғылыми орталығының базасында әзірленген. Ал өткен демалыс күндері аты жаман дерттен емделіп шыққандардың саны қайтыс болғандардан асып түсіпті. Мұны мамандар жақсылыққа балап отыр.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM