Тәжікстан билігі Қытай Таулы-Бадахшан автоном облысына әскери база құратынын, бірақ ол Тәжікстанның күш құрылымына бағынатынын мәлімдеді.
27 қазанда өлкенің ішкі істер министрінің орынбасары Абдурахмон Аламшозода парламентте сөйлеген сөзінде, база автоном облысының Ишкашим ауданындағы Вахан ауылына құрылатынын айтты.
Базаның құрылысы үшін Қытайдан келетін әскери құрал-жабдықтарға кеден салығы алынбайды.
Құрылыс бюджеті 55 миллион кытай юаны деп бағаланып жатыр. Бұл шамамен 100 миллион сомони болмақ.
2019 жылы Washington Post газеті жергілікті тұрғындардың сөздеріне сілтеме жасап, Таулы-Бадахшан автоном облысының Мургаб ауданында үш жылдан бері Қытайдың жасырын әскери базасы бар екенін жазған. Жергілікті тұрғындар америкалық журналистке онда жүздеген қытай әскері жүретінін айтып берген.
Тәжікстанның Таулы-Бадахшан автоном облысы Қытай және Ауғанстанмен шектеседі.
KAZAKBOL.COM