Қазақстан ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев 17 мамырда өткен үкімет отырысы кезінде мемлекеттік көмек жайлы айтты.
Министр жем сақтайтын базасы жоқ фермерлерге көмек көрсетудің тиімсіз екенін айтты. «Мал өсірушілерге көмек алу үшін жем шығаратын өндірісі немесе малды жаятын жайлуы болуы керек деген талап қойылады», — деді ол.
Ол елдің құс, мал етін, сүт өнімдерін импорттауға тәуелді екенін жеткізді. Ол проблемалардың бірін мал дәрігері, зоотехник-технологтар және зоотехник-селекционер секілді мамандық иелерінің жетіспеуінен деп атап өтті.
Былтыр көктемде Қазақстанда жауын-шашынның аз болуынан құрғақшылық орын алып, батыс өңірде жұт болған. Қанша мал қырылғаны белгісіз. Билік бірнеше мың қырылды деген.
Өткен апта соңында үкімет биыл Маңғыстау облысының фермерлері жеңілдетілген бағамен жем-шөп алады деп мәлімдеген.
Маңғыстау өңірінің мал шаруашылығына 5 мың тонна жем берілетіні айтылған. Бұдан бөлек 20 млрд теңге бөлінбекші.
KAZAKBOL.COM