Мұнайдың арзандауына және халықаралық жағдайға байланысты теңге бағамы түсті деп хабарлады Қазақстан ұлттық банкі. 19 қарашада теңге бағамы 431,6 теңге болып, биылғы жарты жылдықтағы ең жоғарғы шегіне жетті.
Алматы қаласының айырбас пунктерінде 1 доллар 433–434 теңгеден сатылып жатыр деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.
— 18 қарашада Қазақстанның қор биржадағы (KASE) «доллар-теңге» саудасы сәуір айынан бері энергия нарығы мен халықаралық жағдайға байланысты максимум деңгейге жетті,- дейді ҚазТАГ жариялаған Ұлттық банк хабарында.
Бұл ақпаратқа қарағанда, қазан айынан бері мұнай бағасы бес пайыздан астам арзандап, кейінгі жеті жылдағы жоғары деңгейге көтерілген. АҚШ-тың мұнай бағасын тежеу мүмкіндігі және ОПЕК пен Халықаралық энергетика агенттігінің «таяуда ұсынылатын мұнай көбеюі мүмкін» дейтін ақпараттардың шығуы да әсер еткен. Бұл мәлімдемеге қарағанда, АҚШ пен Қытай стратегиялық резервіндегі мұнайын сата бастауы да мүмкін деген қауіп байқалған.
«Жоғары инфляцияға жауап ретінде АҚШ-тың ставканы көтеру мүмкіндігі дамушы елдердің валюталарына қызығушылықты азайтты және теңгенің арзандауына қосымша ықпал етті», — дейді Ұлттық банктің мәнет операциясы департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов. АҚШ-тағы инфляцияның 6,2 пайызға дейінгі қарқыны ставка мен облигация өсімі табысын көтеру мүмкіндігін күшейте түседі.
Тұрсынханов «Ресей ұлттық валютасы да геосаяси тәуекел күшейіп тұрған сәтте теріс ықпал етеді» дейді. Қараша айынан бері рубль АҚШ валютасына шаққанда 3,4 пайызға арзандап, 1 доллар 70,9 рубльден 73,1 рубльге жеткен.
KAZAKBOL.COM