Өзбекстанда Әндіжан облысының милициясы Бұлақбаши ауданының бір тұрғынын кәмелет жасқа толмағандарға заңсыз дәріс берді деген күдікпен ұстады.
Милиция мәліметінше, діни білімі және тиісті рұқсаты жоқ азамат 2020 жылдан бері 27 балаға — Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтарына — діни дәріс беріп келген. Ол сабақты «Құран-кәрім» және «Муаллими Соний» діни оқулықтары негізінде жүргізген.
Күдікті әрбір оқушыдан 500 мың сумнан (45 доллар) алған.
Бұған қоса, күдікті сабақ кезінде балаларды ұрғаны анықталды. Тергеу жүріп жатыр.
KAZAKBOL.COM