Отандық танымал актриса әрі әнші Жарқынай Ханайым Өзбекстанға жұмыс бабымен барамын деп, шекарада ыңғайсыз жағдайға тап болды. Өнер иесін косметикасы үшін өткізбей қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жарқынай Ханайым шекарада орын алған жағдайды өзінің Instagram парақшасында баяндады. Ашуға булыққан әнші өзін кінәсіз ұстап отырғанын жеткізді.
«Қанша кісілер шөппен ұсталып жатыр көз алдымызда. Бізден бір косметика тауып алған еді, соған жібермей тұр. Енді таңға дейін күтесіңдер, дейді. Біздің қарнымыз аш. Ешқайда шығармай жатыр. Таможняға тамақ алып келетіндер бар ма?», — деп жағдайды түсіндірді Жарқынай.
Белгілі болғандай, өнер иесі өзге елге жұмыс бабымен барған. Ақырында ол сапарластарымен бірге кедендік шекарада таңға дейін отырған.
«Қазақ-қазақ деп өзімізді түсіргеннен басқа ештеңе білмейміз. Кеше ғана қазақтың, қазақтан басқа ешкімі жоқ екеніне дәлел жағдай болды. Қазақстан шекарасындағы әскери жігіт жан-тәнімен бізге көмектесіп, заң жөнінде де көзімізді ашып, тамағымызға дейін алып кеп берді. Намыстанып, жынданып отыр бізді ұстап отырғандарға. Шет жақта қазақтар жұмыла, ұйымшыл бола қалады. Ал өз елімізде бір-бірімізден жаманы жоқ. Ойланайық. Таңғы 10.24. Өзбекстан шекарасында күнәсіз ұсталып отырған Жарқынайдың дәл қазіргі ойлары», — деп жазды әртіс.
Соңында Жапқынай Ханайым шекараны ақыр-соңы өткенін хабарлады.
KAZAKBOL.COM