Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Әзербайжан Арменияның он жауынгерін босатты

KAZAKBOL.COM

Әзербайжан қараша айындағы қақтығыс кезінде ұсталған армениялық он жауынгерді босатты. Ереван Бакуге былтыр Әзербайжанның бақылауына өткен Таулы Қарабақтағы аудандарды және оның айналасында мина қойылған жерлердің картасын берді.

Әзербайжанның қауіпсіздік қызметі бұған орыс қорғаныс министрлігінің араағайындығымен қол жеткізгенін мәлімдеді. 16 қарашада азери-армян шекарасында былтырғы қарулы қақтығыстан бері ірі жанжал тұтанған. Бакудың жеті жауынгері қаза тапқанын, Ереван алты жауынгерін жоғалтқанын, 30 шақтысы тұтқындалған болуы мүмкін екенін білдірген.

Осыған дейін да Әзербайжан армян әскерлерін картаға айырбастаған. Ресми мәліметке қарағанда, былтыр Таулы Қарабақтағы қайтарылған аймақтарда 20-дан астам әскер және бейбіт тұрғын минаны басып кетіп, қаза тапқан.

Былтыр 44 күнге созылған соғыста алты жарым мың адам қаза болған. Жанжал Мәскеудің араағайындығымен және екі тарап өзара келісімге келгеннен кейін тоқтаған. Құжатқа сәйкес, Әзербайжан Таулы Қарабақ аймағының бір бөлігін қайтарып алды. Ресейдің бейбіт күштері анклавта және екі елді байланыстыратын Лачин дәлізінде орналастырылды.

Халықаралық қауымдастық Таулы Қарабақты Әзербайжанның аймағы ретінде танығанымен, ол жерді 1990 жылдардан бері жікшіл армяндар басқарып келген.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM