Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Өскеменде қаңтардағы наразылықтан соң ұсталғандар аштық жариялады

KAZAKBOL.COM

Өскемен қаласында қаңтардағы наразылықтан соң ұсталған 16 адам қамау мекемесінде аштық жариялады.

Қамауда отырғандардың туыстары мен адвокаттарының хабарлауынша, олар тергеу әлі аяқталмай, қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға созылуына наразы.

— 2022 жылғы 6 сәуірден бастап қамауда отырған 16 адам тамақтан бас тартты. Оларды жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен ұстаған. Олар ОВ-156/1 түзеу мекемесі арқылы Шығыс Қазақстан облысы прокурорының атына арыз жолдады, — деп хабарлады адвокат Анар Құсайынова.

Адвокаттың айтуынша, аштық жариялағандар сотқа дейінгі тергеудің тезірек аяқталып, істің сотта қаралғанын, сонымен бірге оларды сотқа дейін үйқамаққа шығарғанын немесе ешқандай кетпеу жөніндегі қолхатпен босатуын сұрайды.

24 жастағы күдікті Нұрсұлтан Сұлтановтың анасы Назира Жылқышынова ұлының екі айдан астам уақыттан бері қамауда екенін, ол да аштыққа қосылғанын айтты.

— Балаларды қапас камерада ұстаудың не қажеті бар? Дүйсенбі күні ұлыма бардым. Ол — стоматолог, интернатураны аяқтайды. Оның үстінен ылғал орынның исі шығып тұр. Не істерімді де білмеймін. Адамдарды босатсын. Әрқайсының отбасы, несиесі бар. Ал оларды ылғал ғимаратта, бұрынғы қамалда ұстап отыр, — дейді Назира Жылқышынова.

Кәсіпкер Семей Ісмағамбетов те жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен қамауда отыр.

— Күйеуім аштық жариялады. Камерада 16 адам отыр, бәрі прокуратураға арызданды, — дейді Семейдің әйелі.

Қылмыстық жазаны атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/1 мекемесіндегілер Азаттыққа қамауда отырғандардың аштық жариялағаны туралы ештеңе білмейтінін хабарлады. «Мұндай ақпарат түспеді», — дейді департаменттегілер.

Қазақстанда қаңтардағы наразылықтан соң мыңдаған адам ұсталды, жүздеген адам қамауға алынды. Олардың дені қамауда отырғанда азапталғанын мәлімдеді.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM