Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі Ташкенттің Зангиата ауданындағы ковид-ауруханасында науқастар үшін орындар жетпей жатыр деген ақпаратты теріске шығарды.
– Аталған медициналық орын екі мың науқасқа лайықталған. Өлке бойынша барлық ауруханаларда коронавируспен ауырған үш мыңға жуық науқас жатыр. Орындар жетіспей жатқаны туралы мәлімдемелер шындыққа сәйкес келмейді,- деді министрлік өкілі.
Осыған дейін Азаттықтың өзбек қызметімен байланысқан Ташкент тұрғыны жолдасының аталған медициналық мекемеде емделіп жатқанын, онда коронавирус жұқтырғандар үшін орын қалмағанын жеткізген.
«Науқастар өте көп. Төрт кісіге лайықталған палаталарға жеті-сегізден науқас жатқызылып жатыр. Жағдай жасалынбаған,» — деген аты-жөнін жарияламауды сұраған қала тұрғыны.
Осыған дейін аталған ауруханада емделіп жатқан Өзбекстанның халық әртісі Мирза Азизов та науқастардың тым көптігін, жағдай жасалынбағанын айтып шағымданған. Ол сәуірдің ортасында 58 жасқа қарағанда қайтыс болды.
Ресми мәліметке сәйкес, Өзбекстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 90 мыңға жақындаған, 600-ден астам науқас қаза болды.
Өткен аптада Өзбекстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар көбейіп, алты ай бұрын жабылған ковид-ауруханалар қайта ашылғаны хабарланған.
KAZAKBOL.COM