Өзбкстан 2025−2026 жылдары газ экспортынан толық бас тартуы мүмкін. «Өзтрансгаз» компаниясының басқарма төрағасы Бехзот Нарматов журналистерге осылай деп мәлімдеді.
«Өзбекстанда ішкі сұраныстың артуына байланысты, алдағы жылдардың бірінде елде өндірілетін газ ішкі жалпы өнімнің тұрақты өсуіне жұмсалуы мүмкін»,— дейді ол.
Нарматовтың болжамына қарағанда, экспорт 2025−2026 жылдарға қарай тоқтайды.
Осы күні Өзбекстанда өндірілетін газдың шамамен 10 пайызы Қытайға экспортталады. Бехзот Нарматовтың айтуынша, республикада ішкі сұраныс күн өткен сайын артып келеді. Әдетте, экспортқа шығарылатын газ көлемі қыста азаяды, жазда қайта артады.
2020 жылы Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Әріпов 2025 жылға қарай газ экспорты тоқтауы мүмкін деп мәлімдеген.
KAZAKBOL.COM