Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі орталық аппараты қызметкерлерінің қырық пайызы қысқарды, оларға медициналық мекемелерден жұмыс ұсынылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, қызметкерлер жұмыстан шығарылатынын 14 желтоқсанда білген.
Қысқарған қызметкерлер орталық аппаратта сапалы жұмыс көрсете алмаған делінеді. Кездесуде Өзбекстандағы медициналық қызмет сапасы жоғары деңгейде еместігі айтылды.
Атап айтқанда, биыл 11 айда Денсаулық сақтау министрлігіне 57,6 мың арыз түскен. Олардың дені медициналық көмектің сапасыздығына шағымданған.
Сонымен бірге кездесуде медициналық қызмет сапасының нашарлығынан жүрек-қан тамырлары аурулары бес жылда 20 пайызға артқаны, бұған қоса диабеттің асқыну көрсеткіші 10 пайызға көбейгені сөз болды.
KAZAKBOL.COM