Өзбекстан мәдениет министрлігінің қызметкерлері енді жұмыста тақия киіп жүреді. Бұл туралы мәдениет министрі Озодбек Назарбеков Конституция күні қарсаңында мәлімдеді.
Шенеуніктің айтуынша, министрлік басшылығы осы бастамасымен ұлттық дәстүрді насихаттауды қолдайтынын көрсеткісі келді.
Назарбековтің бейнеүндеуінде министрлік қызметкерлерінің тақия киіп жүргені көрсетілді. «Мәдениет саласының өкілдерін осы бастаманы қолдауға үндеймін», — деді министр.
Бұның алдын Мәдениет министрлігі Ташкентте TikTok Fest концертін ұйымдастыруға қарсы шыққан. Министрлік бұл шешімін өзбек халқының «ұлттық менталитетіне сай емес» концерт деп түсіндірген.
KAZAKBOL.COM