Өзбекстанның тиісті мекемелері түркімен әріптестерімен бірге 26 қарашада шекарадағы екі бекетті іске қосу жұмыстарын жүргізе бастады. Бұл туралы Өзбекстан көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ходжейли – Куня-Үргеніш» пен «Шават – Дашоғыз» бақылау-өткізу бекеттері 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты жабылып қалған. Қазір екі ел арасындағы шекарада «Олот» бекеті ғана жұмыс істеп тұр.
Екі бақылау-өткізу бекеттері санитария және эпидемиология талаптарына сай жөнделеді.
Шекарадағы екі бекетті ашу жөніндегі келісім 18 қарашада өзбек-түркімен үкіметі мүшелерінің видеоконференциясында жасалған.
KAZAKBOL.COM