20 маусымнан бастап Өзбекстан мен Тәжікстан арасында Ташкент — Душанбе жолаушы бойы қатынайды. Екі елдің президенттері Шавкат Мирзияев пен Эмомали Рахмонның бірлескен брифингінде осылай деп хабарланды.
Тараптар жаңа транзит дәліздерін ашып, қазіргі заманғы логистикалық инфрақұрылым дайындауға, екі ел арасында қатынас түрлерін дамытуға келісті.
«Мәліметіміз бойынша, тәжік-өзбек шекарасынан бір тәулікте шамамен 20 мың адам өтеді. Өте маңызды көрсеткіш. Тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын қамтамасыз еттік. Екі ел астаналары мен басқа да қалалар арасында қатынайтын темір жол бағыттарын ашуға келістік», — дейді Эмомали Рахмон.
Еске салайық, 2022 жылғы алғашқы төрт айда Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы сауда көрсеткіші 173,6 млн доллар болды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 30,4% артық. Көрші елдер арасындағы сауда айналымы алты жылда 37 есе өсті.
KAZAKBOL.COM