Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Өзбекстан президентінің үлкен қызы лауазымды қызметке тағайындалды

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қызы Саида Мирзияеваны президент әкімшілігінің байланыс және ақпараттық саясат бөлімінің басшысы қызметіне тағайындады. Бұл жайында президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлады.

Жаңадан құрылған бөлім қоғамдық пікір және ақпараттық саясатты зерттеумен айналысады. Мирзияева сонымен бірге елдегі әлеуметтік, мәдениет және білім беру саласындағы реформалардың жүруін қадағалайды.

Өзбекстан президентінің үлкен қызы Саида 2019-2022 жылдарда президент жанындағы ақпарат және бұқаралық байланыс агенттігінің директор орынбасары қызметін атқарған. 2022 жылдан бері ұлттық масс-медианы дамыту қорының төраға орынбасары болған.

2021 жылдың қараша айында Өзбекстанда мемлекеттік қызметке туыстарын жұмысқа алуға тыйым салу ұсынылған. Тиісті заң жобасын жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі әзірлеген.

Заң жобасына сәйкес, бір мекемеде туған-туыстарға, құда-жекжаттарға жұмыс істеуіне тыйым салынады. Талапты бұзғандарға 375-750 долларға дейін айыппұл салу көзделген.

Саида Мирзияеваның жоғары лауазымды қызметке тағайындалуы Орталық Азия елдері басшыларының туыстары үшін бірінші жағдай емес. Былтыр Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон үшінші қызы Рухшонды Ұлыбританияға елші етіп жіберген.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM