Өзбекстанда билігі виза мерзімі біткен ауған босқындарын елден депортацияламайды. Gazeta.uz басылымының ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, мұндай шешім өзбек-ауған шекарасының қазір жеке тұлғалар үшін жабық тұруына байланысты қабылданған.
Мәліметтерге қарағанда, Өзбекстан заңдары мен республикада болу тәртібін бұзбаған шетел азаматтары виза мерзімін создыра алады.
Бұның алдында адам құқықтаны қорғау ұйымдары Өзбекстан виза мерзімі біткен 70 ауған босқынын елден шығаруы мүмкін екенін хабарлаған.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазір Өзбекстанда 13 658 ауған азаматы тұрып жатыр.
Ауған азаматтары виза мерзімін создыру үшін Өзбекстанда тұратын мекендегі көші-қон қызметіне жүгіне алады.
KAZAKBOL.COM