1 қаңтардан бастап Өзбекстан жеңілдетілген несие беру тәжірибесінен біртіндеп бас тарта бастайды. Тиісті жарлыққа елдің президенті Шавкат Мирзияев 20 қарашадан бастап қол қойды.
Аталған құжат коммерциялық банктерге пайыздық үстемақыны және пайыздық шығындардың бөлігін компенсациялау механизмдерін өз алдына анықтау құқығы берілген.
Жарлыққа сәйкес, ұлттық валюта мен берілетін несиелердің барлық түрінің пайыздық үстемақысы Орталық банктерің қайта қаржыландыру процентінен төмен емес деңгейде белгіленеді. Бұл ереженің несие беру бойынша мемлекеттік бағдарламаларға, оның ішінде мақта және диқандарға берілетін несиелерге қатысы болмайды.
Қазір Орталық банктің қайта қаржыдандыру бойынша пайыздық үстемақысы 16 процентті құрайды. Ал «Әр отбасы – кәсіпкер» жобасы бойынша берілетін несие сыйақысы – 8 процент. «Жастар – біздің болашағымыз» бағдарламасы бойынша 7 процентпен несие беріледі.
KAZAKBOL.COM