Өзбекстанның жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқитын студенттер 1 қарашаға дейін вакцина салдырса, оларға оқу ақысын төлер кезде 10 пайыз жеңілдік беріледі.
Бұл туралы Өзбекстанның жоғары және арнайы білім беру министрлігінің баспасөз хатшысы хабарлады.
Мәліметтерге қарағанда, жақында студенттің жаңа оқу жылында бір жылға төлейтін оқу ақысының көлемі анықталды.
Министрлік студенттерге жасалатын жеңілдікті ақы төлеп оқитын студенттер мен олардың отбасын қолдау мақсатында енгізгенін хабарлады.
Өзбекстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцина салдыру науқаны жүріп жатыр.
KAZAKBOL.COM