26 қаңтарда Жизақ облысының Галляарал ауданындағы «Авлие» қышлағында орналасқан ескі шахтада алтынды заңсыз өндірген төрт жігітті тас басып қалды.
Екі жігіт сол жерде қаза тапқан, екеуін ауруханаға жеткізген. Біреуінің жағдайы мүшкіл. Аудандық прокуратура осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізіп жатыр.
Қайғылы оқиға 26 қаңтарда кешке болған. Куәгерлердің айтуынша, ескі кеннен алтын іздеген он жігіттің төртеуін тас басып қалған.
«Бұл жерде кезінде геологтар жұмыс істеген. Қышлақтағы жас жігіттер сонда жиі барады. Сол күні төрт жігітті тас басып қалған. Ауыл тұрғындары оларды тас астынан алып шықты», — деді қышлақ тұрғыны.
Аудандық аурухана дәрігерінің айтуынша, төрт жігіттің екеуін ауруханаға өлі күйінде жеткізген.
«Оларды бірден мәйітханаға апардық. Екеуін ауруханаға жатқыздық. Науқастың біріне ота жасалды. Оның қолы мен аяғы сынған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Бір науқастың басына зақым келген. Жарақаты ауыр емес», — деді дәрігер қызметкері.
KAZAKBOL.COM