Жыл басынан бері Өзбекстанда «Ислам мемлекеті», «Катиба таухид әл-жихад» секілді террористік ұйымдармен байланысы бар төрт топтың жолы кесілді. Ташкент полициясының мәліметінше, олардың кейбірі Өзбекстанның қоғамдық орындарында теракт жасауды жоспарлаған.
Ташкент ішкі істер департаментіндегілер террористік ұйымдардың астанадағы мүшелерін ұстау, анықтау жұмысы жөнінде хабарлады.
Жыл басынан бері төрт астыртын топ әшкереленді. Олар Сириядағы террористік ұйымдардың содырларымен байланыс орнатқан делінеді. Экстремистік құрылымдарыдң 250 мүшесі ұсталған.
Олар экстремистік және террористік ұйымдардың идеологиясын насихаттаумен, елде теракт жасауға үгіттеумен, жаңа адамдар тартумен, терроризмді қаржыландырумен айналысқан.
2022 жылы басқа да елдердің арнайы қызметтерімен әріптестік аясында Өзбекстанға іздеудегі 59 содыр депортацияланған, делінген Ташкент полициясы таратқан мәліметте.
KAZAKBOL.COM