Блогер Севинч Садуллаеваға қарсы Ташкент әкімінің орынбасары Нодира Умарова арыз жазған. Бұл туралы Өзбекстанның Жоғарғы соты сайтындағы ашық мәліметте айтылған.
11 қарашада өткен сот отырысында Севинч Садуллаева әлеуметтік желілерде этика талаптарына қарсы келетін видео мен суреттер жариялады деп, өзін алып жүру мәдениетін бұзғаны айтылған.
20 жастағы Севинч Садуллаева жасаған ісіне өкінетінін, кішкентй баласы бар екенін айтып, кешірім жасауды сұраған. Ол әлеуметтік желілерде тарап кеткен видео бірнеше ай бұрын жарияланғанын айтады.
«Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша айыпталған блогерді судья бес тәулікке қамауға алды.
Ташкент қаласы әкімінің орынбасары Нодира Умарова блогер Севинч Садуллаева 5 тәулікке қамалып шыққаннан кейін, жаңа кәсіп үйреніп, жұмысқа орналасатынын және психологтан көмек алатынын жеткізген.
KAZAKBOL.COM