Өзбекстанда блогер Ходжиакбар Носиров 15 тәулікке қамалды деп хабарлады Ташкенттің ішкі істер басқармасы. Ол «кармин» қоспасы қосылған йогуртты харам деп жариялап, сатып алмауға шақырған.
Блогер Telegram-каналына йогурттың құрамы жайында видео жариялаған. Оның құрамында «кармин» (E120) қоспасы бары айтылған.
Құқық қорғау органдары бұл видеода діни араздық туғызатын дүние бар деп тауып, қылмыстық іс қозғап, сотқа берген. Сот блогерді 15 тәулікке қамау жөнінде шешім шығарған.
Кармин — кошениль қоңызынан өндірілетін қызыл бояғыштың атауы. Ол Е120 таңбасымен белгілі. Оны әдетте кондитерлік тағамдарға, йогурт, балмұздаққа қосады.
KAZAKBOL.COM