Самарқанд облысында медициналық қызметкерлерден туыстардың төлқұжаттарының көшірмесін тапсыруды талап еткен.
«Бірнеше күн бұрын мен жұмыс істейтін емханада жиналыс болды. Қызметкерлерден жолдасының, балаларының, ата-аналарының, бауырларының төлқұжат көшірмелерін тапсыруды талап етті. Талапты орындамағандарға шара қолданатыны ескертілді», — деді облыстағы Тайлак аудандық емханада жұмыс істейтін дәрігерлердің бірі.
Самарқанд облыстық денсаулық сақтау басқармасының бір қызметкері осындай талап қойылғанын растады.
«Шынымен, бізден туыстардың төлқұжат көшірмелерін тапсыруды талап етіп жатыр. Бірақ мұндай тапсырманы кім бергені белгісіз. Басшылық тапсырма «жоғарыдан» түскенін айтты», — деді денсаулық сақтау басқармасының қызметкері.
Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі медициналық қызметкерлерден туыстарының төлқұжат көшірмесін не себепті сұратқанын түсіндіре алмады.
Өзбекстанда басқа да бюджет қызметкерлеріне осындай талап қойылғаны белгілі болды.
KAZAKBOL.COM