Былтыр 25 желтоқансанда Қашқадария облысы Гузар ауданында іске қосылған Uzbekistan GTL зауытында 18 маусымда өрт болып, екі жұмысшы ауруханаға түсті.
Алайда Uzbekistan GTL таратқан мәліметте зауыт жұмысшылары зардап шекпеді делінген.
Қарши темір жол аурузанасының дәрігерлері GTL зауытының екі жұмысшысының денесі күйіп қалғанын растады. Зауыт қызметкерлері оқиға 18 маусымда болғанын айтты. Жұмысшылар материалда аты-жөні аталғанын қаламады.
«Жаңа зауытта мұндай апат бірінше рет болып отыр ауа өткізетін құрылғы жарылып, өрт шықты. Екі адамның денесі қатты күйіп қалды. Оларды ауруханаға жеткізді. Өрт сөндіруші көліктері қаптап кетті. Ертесіне «Өзбекмұнайгаз» төрағасы Мехриддин Абдуллаев келді. Басшылық болған оқиға туралы айтуға тыйым салды», — дейді зауыт жұмысшыларының бірі.
Кәсіпорынның тағы бір жұмысшысы өрт болғанын растады.
Өзбек ақпарат құралдары зауыттағы апат туралы хабарлаған жоқ. Мәлімет әлеуметтік желілер арқылы тарап кеткен соң, зауыт басшылығы кәсіпорында өрт болғанын растады, бірақ ешкім зардап шеккен жоқ деп хабарлады.
Дегенмен аурухана дәрігерлері басқаша мәлімет беріп отыр.
«Науқастың беті, қолы мен іші қатты күйіп қалған. Әсіресе беті қатты зардап шеккен. Емдеп жатырмыз. Науқастың жағдайы орташа ауыр», — дейді Қаршы ауруханасының бір дәрігері.
Былтыр желтоқсанда Uzbekistan GTL зауытын ашу салтанатына президент Шавкат Мирзияев қатысқан. Зауыт бір жылда 3,6 млрд текше метр газ өңдеп, 1,5 млн тонна мұнай өнімін дайындайды.
KAZAKBOL.COM