Өзбекстанда мектеп жасына дейінгі балалар мен бірінші сынып оқушыларына тұмаудан қорғайтын тегін вакцина салу жоспарланған.
Өзбекстанның мектепке дейінгі білім минстрлігінің хабарлауынша, Ресейден «Гриппол Плюс» вакцинасының 2 миллион дозасы сатып алынған.
Министрлік мәліметінше, «тұмаудың таралуына жол бермеу үшін» балаларға вакцина салынады. Республика бойынша балаларға тұмауға қарсы вакцина салатын 2753 пункт ашылды.
Мектепке дейінгі білім министрлігінің мәлімдемесінде Өзбекстан сатып алған вакцинаның «ешқандай жанама әсері мен зияны жоқ».
KAZAKBOL.COM