Өзбекстанның Қашқадария облысы Чиракчин ауданындағы №134 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімін ұрып кету оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл жөнінде халықтық білім беру министрлігі хабарлады.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шохнур Оккузиевті оқушыға «екі» деген баға қойғаны үшін оның ағасы ұрып кеткен.
Мұғалім ауруханаға жеткізілген. Ол сол күні өзіне үш ер адам шабуыл жасағанын айтты.
Белгілі болғандай, екі алған оқушы мектеп директоры орынбасарының ұлы болып шыққан.
KAZAKBOL.COM