Қашқадария облысы Шырақшы ауданындағы бір ауылға кіріп кеткен қоңыр аюды аудандық милиция басшысының бұйрығымен атып тастаған. Жергілікті ішкі істер басқармасы мұндай шешім «азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды» деп түсіндірген.
Қызыл кітапқа енгізілген қоңыр аюдың ауыл маңында жүгіріп жүргені туралы видео 5 сәуірде әлеуметтік желілерде тараған. Адамдардан тығылғысы келген аю ауылдағы сарайлардың біріне кіруге талпынған.
Кейін табиғатты қорғау министрлігі 5 сәуірде аю Құмдария өзені маңындағы үңгірлердің біріне кіргенін хабарлаған. Біраз уақыттан соң үңгір маңына ауыл тұрғындары жиналған. Министрліктің бұл аймақты ІІМ, Ұлттық ұлан және төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктер күзеткенін, халық пен аю қауіпсіздігін солар қорғайтынын хабарлаған.
6 сәуірде табиғатты қорғау министрлігі Шырақшы аудандық милициясы басшысының бұйрығымен атып өлтірілгенін растады. Министрліктегілер аю өліміне себепкер шенеуніктерге тәртіп шарасы қолданады дейді.
KAZAKBOL.COM