Өзбек анимациясының негізін қалаушылардың бірі, 70 жастағы режиссер Назим Туляхожаев «Өзбеккино» жетекшілігін өзбек мультипликациялық өнерді жойды деп айыптады.
Туляхожаевтың айтуынша, мамыр айында «Өзбеккино» басшылығы шешімімен «Мультипликациялық фильмдер студиясы» қызметін тоқтатқан.
«Мультипликациялық фильмдер студиясының» 30 кәсіби қызметкерін – аниматорларын, режиссерларын, редакторларын көшеде қалдырды. Қазір олар жұмыс іздеп Ресей мен Қазақстанға кетті. Олар балаларды қуантып келген өзбек анимациясын көміп тастады. «Өзбеккиноның» қазіргі басшылығы тарихта өзбек мультипликациясының түбіне жеткен адам ретінде қалады», — деді Туляхожаев.
Осыған дейін «Мультипликациялық фильмдер студиясының» қызметкерлері де «Өзбеккиносына» сын айтқан.
«Өзбеккиноның» баспасөз хатшысы Нозим Сафари «Мультипликациялық фильмдер студиясы» президенттің шешімімен жабылғанын мәлімдеді.
«Олар жекеменшікке өтіп жатыр. Жеке студиялар өз ассоциациясын құрды. Анимация өнері өлмейді», — деді ол.
2017 жылы президент Шавкат Мирзияевтің жарлығымен ұлттық киноматографияны дамыту бағдарламасы қабылданған. Оның аясында мемлекеттік бюджеттен «Өзбеккино» ұлттық агенттігіне мультипликациялық фильмдер жасау үшін қаражат бөлу жоспарланған. Оған сәйкес, 2018 жылы мемлекет 15, 2022 жылдан бастап 50 мультфильм өндіруге қаржы бөліп тұрмақ.
KAZAKBOL.COM