Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

200 миллион теңгені иемденбек болған қауіпсіздік қызметкерлері сотталды

KAZAKBOL.COM

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Ақтөбеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментінде жұмыс істеген подполковник Асланбек Тахауиев және жүргізуші болған Кәрімбай Дабылов адамдарды қорқытып, қызмет өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қауіпсіздік қызметкерлері Асланбек Тауахиев пен Кәрімбай Дабыловқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалына сүйенсек, Асланбек Тауахиев пен Кәрімбай Дабылов бұрынқа қауіпсіздік қызметкері Ивашкевичтің нұсқауымен «Атырау Сервис КЗ» компаниясының есепшотындағы 200 миллион теңгені иемденбек болды. Бұл ұсынысты есепші Нұрашеваға айтып, келісім жасалды. Алғашқы кезде есепшоттан 15 миллон теңге алынады. Банк өз қызметіне 1,6 миллион теңгеге жуық қаржыны ұстап қалған. Сол кезде Асланбек Тауахиев пен Кәрімбай Дабылов өздерімен бірге жұмыс істеуге келісім берген Нұрашеваны қорқытып, үйіне барып, банк алған ақшаны қайтаруды талап етеді. Тергеу кезінде ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерінен қорыққан Нұрашева өзінің жерін кепілге қойып, қарызға 600 мың теңге алғаны белгілі болды.

Қылмыстық іс кезінде Мамаев пен Сағынтаевтың аты-жөндері аталды. Олар компания есепшотындағы қаржының бір бөлігін алып, кейін өз пайдаларына жаратты. Бірі ойыншықтар сатып алып, Алға балалар үйіне сый жасаған. Екі адамға қатысты басқа қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, жәбірленуші Нұрашева бір рет прокуратураға арыз жазып, өзін қорқытып жүрген ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері туралы хабар берген. Кейін ол арызын қайтып алды. Осы аралықта арнайы тергеу басталып, екі сотталушы қамауға алынды.

Сот үкімімен Асланбек Тахауиев Қылмыстық кодекстің «Билікті немесе лауазымдық қызметті асыра пайдалану», «Қорқытып алу» баптарыбойынша айыпты деп танылып, 10 жылға, ал Кәрімбай Дабылов Қылмыстық кодекстің «Қорқытып алу» бабы бойынша айыпталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM